Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында карантинде букмекерлік кеңсе жұмыс істеген

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жедел қимылдайтын арнайы жасағымен (СОБР) бірлесіп букмекер кеңсесінің заңсыз іс-әрекетін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда сағат 17.00-де Жаңаөзен қаласының 1 шағын ауданында орналасқан “InBet” букмекерлік кеңсесі карантин шараларының шектелуіне қарамастан әрекет етті.

Полиция мекеменің екі кассирі мен келушілерін ұстады. Ішінде 28 адам болды.

39 монитор, 10 теледидар және 15 процессор тәркіленді.

30 тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданды.

Заңсыз қызмет фактісі бойынша материал Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев барлық азаматтарды карантин ережелерін бұзбауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады. Өйткені, әр адамның денсаулығы өзіне байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру