Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды

Павлодар облысында автокран жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тереңкөл – Михайловка автожолын күзету барысында полиция лейтенанты Айдар Темірбулатов 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «МАЗ» автокранын тоқтатты. Құжаттарын тексере келе көлік жүргізу құқығын беретін жүргізуші куəлігінің жоқтығы анықталды. Онымен қоса, жүргізушіден алкогольді ішімдіктің исі бұрқырап тұрғанына қарамастан, құқық бұзушы медициналық куəландырудан өтуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Тереңкөл ауданы ПБ бастығы Арман Кəрімовтың айтуынша, инспектор көлік жүргізушісімен əңгімелесу барысында, көлік салонында 39 жастағы тағы бір ер адамның отырғанын анықтайды. Тексере келе, көліктің иесі де, нақты жүргізушісі де сол кісі болып шыққан.

Көліктің иесі қасындағысының «ащы судан» сіміріп алғанына қарамастан, оған көлік басқаруды тапсыраған.

Осы факті бойынша, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ƏҚБтК 613-бап 9-бөлігі (Полиция қызметкерінің талабын орындамау, алкогольдік масаю жағдайына медициналық куəландырудан өтуден бас тарту), 608-бап 1-бөлігі (Алкогольдік масаю жағдайындағы тұлғаға КҚ жүргізуді тапсыру) бойынша əкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен көлік басқару құқығынсыз, көлік басқарып келе жатқан жүргізуші 25 тəулікке əкімшілік қамауға алынса, көлік иесі жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылып, 15 тəулікке əкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру