Карантин режимін бұзғаны үшін тұрғындарға 640 мың теңге айыппұл салынды
Екібастұз қаласында карантин режимін бұзғаны үшін қала тұрғындарына 640 мың теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының мониторинг тобы 2020 жылғы 1 тамызда сағат 22.11-де карантин тәртібін бұзу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу барысында діни бірлестіктердің бірінің жұмыс жасау фактісі анықталды.
Аталған факті бойынша пасторға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 638 940 теңге сомасында 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.