Қазақстанда тыныштық режимін сақтау уақыты өзгертілді
Павлодар облысының Полиция департаментінде өткен онлайн-брифингте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда өткен онлайн-брифингте басқарма бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бекіткен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтты.
- Егер бұрын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тыныштық уақыты түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін белгіленген болса, онда жұмыс күндері мен демалыс күндеріне бөліну болмаған. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының жаңа редакциясында түнгі 22:00-ден 9:00-ге дейін тыныштық режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері тұрғын үйлерде және тұрғын аудандарда орналасқан ойын-сауық мекемелерінде тыныштық режимі 23.00-ден 10.00-ге дейін белгіленген, - деді Жасқайрат Қайыров.
Осы бапты бұзу жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде, шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - 20 АЕК, орта бизнес үшін - 30 АЕК, ірі бизнес субъектілері үшін - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.
Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған әрекет ірі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады: жеке тұлғаларға - 10, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 40, орташа бизнес үшін - 60, кәсіпкерлік - 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Айта кету керек, 2020 жылдың басынан бері полиция тыныштықты бұзған 1909 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.