Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент: 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары жұмылдырылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – ҚР Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды.

Ескерту берілу себептерінің ішінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 127-бабы ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тыйым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жөнінде болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру