Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар бөбектерге сыйлық жасады

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі сотталғандар бөбектерге кезекті сыйлықтарын тарту етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы сотты болған бұрынғы құқыққорғау органдары мен сот жүйесі қызметкерлері ұсталатын колония сотталғандары Семей қаласындағы бөбектер үйіне психология бөлмесіне арнап өз қолдарымен жұмсақ жиһаз жасап тарту етті.

Айта кетейік, 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекеге сотталғандар бөбектерге пластик материалдардан жасалған үй мен ойыншық аттар сыйлаған болатын.

– Мекеме әкімшілігі арқылы балаларды қорғау күніне арналған сыйлықтарға бөбектердің қуанғанын көріп, оларға тағы сый жасауға шешім қабылдадық.Әр адам өз ісі үшін жауап бермекші болса, осы туа жетімдер үшін де олардың ата анасы жауап беруі тиіс. Олардың бір сәт қуаныштарын көру біз үшін үлкен мәртебе. Біз де қоғамда әлі де пайдалы із қалдырмыз келеді, – дейді мекемедегі өндіріс орындарының бірі «Мастер Мрамор» ЖШС жұмыс істейтін сотталған Асет.

– Сотталғандарға осындай мүмкіндік беріп отырған мекеме әкімшілігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Өз тарапымыздан балалардың сыйға тартылған ойыншықтарда ойнап жүрген фотосуреттерін шығарып, мекеме әкімшілігі арқылы сотталғандарға беріп жібергендігімді айтамын. Балаларға ақ ниетті қамқорлық – ол олардың ертеңгіге сенімдері емес пе?!, – дейді сәбилер үйінің директоры Ербол Ибраимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру