28 жастағы қызылордалық көлікті мас күйінде жүргізген
Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 тамызда кешкі уақытта Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзған жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, бұл азамат 11 маусым 2018 жылы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.