Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жасар бала қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жасар бала қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 22 тамыз күні таңертең Есіл ауданының Қаратал ауылы маңында «Жезқазған-Петропавл» жолының 845 шақырымында орын алған. «Nissan Largo» көлігінің жүргізушісі 21 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп аударылған. Көлікте жұбайы және үш жасар қызы болған. Жарақат алғандар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, алған жарақаттарынан бала қайтыс болды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

– Апаттың барлық мән-жайы мұқият тергелетін болады,- деп атап өтті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Барлық жүргізушілерді жолаушыларды, әсіресе жас балаларды тасымалдаған кезде қажетті шараларды сақтауға шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану қажет, жылдамдық режимін сақтап, рөлге отырған кезде аса қырағы болу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру