Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар жедел қызметкерлері халық көп жиналатын нысандарды тексерді

Халық көп жиналатын орындарда тұрғындардың қауіпсіз болулары және демалулары мақсатында Павлодар полицейлері тұрақты түрде обьектілерді тексереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Тәртіп сақшылары меншік нысанына қарамастан, осындай обьектілердің иелері мен басшылары келушілер мен қызметшілерінің қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету міндетті. Бүгінгі таңда, облысымызда террористік қатынасқа осал 727 обьекті бар, оның ішінде 596 жаппай халық көп жиналатын обьектілер, оған: оқу орындары, ауруханалар, сауда үйлері, ойын-сауық мекемелері, сапаржайлар жатады, – деді экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жанат Сіләмов.

Полиция қызметкерлері обьектілердің техникалық нығайтылуын, хабарландыру жүйесінің жұмыс істеуін, дабылдарды, эвакуациялау жолдарына қолжетімдігін, өткізу режимдерін тексереді, сондай-ақ персоналдардың даярлықтарына аса назар аударылады, атап айтқанда әрбір қызметкер террористік қауіп туындаған кезде әрекет ету тәртібін нақты білуі тиіс.

– Жылдың басынан құқық тәртіп сақшылары 260 обьектіні тексерді, тоғыз басшыға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды, сонымен қатар үш басшыға қатысты күзет қызметі аясында заңнаманы бұзу –ҚР ӘҚБтК 470-бабы бойынша, алты ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша яғни, террористік тұрғыда осал обьектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау бойынша қозғалды. Сотпен айыппұл салынды, – деп полицияда түсіндірді.

Екібастұз қаласында білім беру ұйымдарын тексеру кезінде алты терроризмге қарсы қорғалуы талаптарына сәйкес келмеуі бойынша бұзушылық анықталды. Солайша, Екібастұз қаласының №36 мектеп-лицейі, №23, №11, №33, №2, №36 ОЖБ мекемелерінде бейнебақылау жүйелері талапқа сәйкес келмейді, осыған байланысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚбтК 149-бабы бойынша әкімшілік материал толтырып, Павлодар қаласының әкімшілік сотына жолдады. Осы обьектілердің басшылары сотпен 200 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 389 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру