Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Жедел жағдайды жақсарту, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, сонымен қатар, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 25-27 тамыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында облыс бойынша іздеуде жүрген екі адам ұсталды, бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтаудың үш фактісі анықталды:

– Тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың екі фактісі;
– 1 есірткі заттарын сақтау фактісі.

Учаскелік полиция инспекторларымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу және ескерту мақсатында тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған адамдарға тексеру жүргізілуде. “Мүлдем төзбеушілік” тәртібінде 459 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін – 27.

Бұдан басқа әкімшілік жауапкершілікке ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 89 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін – 120 адам жауапқа тартылды, 17 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды және қабылдау–тарату орнына екі адам қамалды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 280 фактісі анықталды, соның ішінде мас
күйінде автокөлікті басқару – тоғыз, оның ішінде бір факті есірткілік мас күйінде, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 81, қарсы жолаққа шығу – 10, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік құралын басқару – 63, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 45, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзу – 80.

Мысалы, 24 тамызда сағат 21.50-де патрульдік полиция қызметкерлері Қарғалы ауылындағы Сәтпаев көшесінде орналасқан ТҚС қарсы “ВАЗ-2110” автокөлігін (росс. көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған 44 жастағы жүргізушінің басқаруында көлік құралын “орташа” дәрежедегі мас күйінде басқарған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік жүргізушісі № 4 ГОП КВЗ-да орналасқан. Автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді.
Жыл басынан бері автокөліктерді мас күйінде басқарған жүргізушілер тоғыз ЖКО жасап, екі адам қаза тауып, тоғыз адам зардап шекті.

Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтардан алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын жүргізбеуді сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру