Түнде серуендеген 163 жасөспірім анықталды
СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының үш күнінде жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 163 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасына қорытынды жасады. Операция шеңберінде полиция бөліністерінің күші көптеген мәселелерді шешуге бағытталды: жол ережелерін сақтау, есептегі адамдарды үйді-үйді тексеру, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты басқа да жұмыстың салалары.
Жаңа оқу жылы қарсаңында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Ювеналдық полиция қызметкерлері тұрмысы қолайсыз отбасыларын тексерді, жасөспірімдер қызығушылық танытады деген жерлерде рейдтер жүргізді. Түнгі тексерістердің бірінде Петропавл қаласындағы «Берёзовая Роща» демалыс базасында 2002-2005 жылдары туған төрт кәмелетке толмағандар анықталды. Ата-аналарына балаларының карантиндік шектеулерді бұзғандарына, түнде үйден тыс болғандары және алкогольдік ішімдік ішкендері үшін жауап беруге тура келді. Карантинді бұзғаны үшін демалыс орталығының әкімшілігі де жауапкершілікке тартылды.
– Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруінің 163 фактісі анықталды, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Кейде адамдар жасөспірімдерді үлкен туыстарының қарайтынына сеніп, үйден шығуға рұқсат етеді. Бірақ, ата-ананың немесе оларды алмастыратын адамдардың ғана заңды өкіл болып саналатындығын есте ұстаған жөн. Әрине, жасөспірімдердің жүріс-тұрысы жауапкершілік олардың айналасындағы әр ересек адамға жүктелетіндігін түсіну маңызды. Неге десеңіз, жасөспірімдер үлкендерге қарап, өмірде өздерін қалай ұстану керектігі туралы түсінік қалыптастырады.
Барлығы іс-шара шеңберінде 1826 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде бала тәрбиесі бойынша ата-аналардың өз міндеттерін орындамауының 39 фактісі, қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 350 фактісі, 150 ұсақ бұзақылық, 895 жол ережесін бұзу.