Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сатушыларды алдап кеткен «фирманың өкілі» ұсталды

Шымкенттік полицейлер өзін фирмалардың бірінің сауда өкілімін деп таныстырып, сатушыларды алдап жүрген Сарыағаш қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам өнімді қысқа мерзімде көтерме бағамен көп мөлшерде әкеліп беруге уәде беріп, сатушылардан ақша алған. Бейтаныс адамның сөзіне сенген сатушылар аферистке 5 мыңнан 22 мың теңгеге дейін қаражат берген. Осылайша ол қаладағы бірнеше сауда нүктелерін алдап кеткен.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 187 және 190-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру