Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция смартфон сыйлады

Қостанай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 7-сынып оқушысына смартфон сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Диана облыс орталығындағы орта мектептердің бірінде оқиды. Ол қамқоршысымен бірге тұрады. Полиция қызметкерлерінің білім мерекесі қарсаңында не қалайтынын сұрағанда, Диана жаңа телефон сұрады. Оқушының өтініші түсінікті, өйткені биыл барлық сабақтар онлайн режимінде өтпек.

– Қостанай облысының тәртіп сақшылары жыл сайын «Мектепке жол» акциясына қатысады және осы жылы да шетте қалған жоқ. Әкімшілік полиция қызметкерлерінің күшімен Дианаға жаңа смартфон сыйладық. Оның оқуға деген ынтасы бізді қуантты, – дейді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский.

Өз кезегінде қыздың қамқоршысы Галина Федоровна полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

– Диананың ескі телефоны бар, бірақ онымен сөйлесуге немесе сабаққа дайындалу қиын. Оқу қарсаңында ол үшін бұл өте жақсы сыйлық болды, – дейді ол.

Сондай-ақ, полицейлер бұл отбасыға жеміс себетін сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру