Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда 30 адамды өрттен құтқарған полицей марапатталды

Қостанай облысының Полиция департаментінде Конституция күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты іс-шара ведомстволық музейде өтті. Облыс ПД бастығының м.а. Нығмет Исмагулов өз сөзінде Конституция еліміздің тарихи перспективадағы сенімді ілгерілеуінің кепілі болғанын атап өтті.

– Полиция қызметкерлері әрдайым азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ете отырып, қылмыспен күресте алдыңғы қатарда, — деп атап өтті полиция полковнигі.


Іс-шарада мінсіз қызметі мен жоғары көрсеткіштері үшін үздік полицейлер марапатталды. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен патрульдік полиция инспекторы Нұрбек Есқабыл марапатталды.

Полицей биыл әріптесіменбірге өрттен 76 жастағы зейнеткер мен сәбиді құтқарған. Жанып жатқан үйден барлығы 30-дан астам адам эвакуацияланды.

– Ішкі 2-дәрежелі огандардың үздігі» төсбелгісімен Көші-қон полициясы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Рабиға Мұсабаева марапатталды.

«Полковник» погонын криминалдық полиция бастығының орынбасары Юрий Полюхов алды. Ол полицияда 23 жылдан астам уақыт қызмет етеді, бүкіл мансабын жедел қызмет бөліміне арнаған. Юрий Полюхов мерзімінен бұрын әскери атақ алу үлкен мәртебе екенін атап өтті. Бұл менің тәлімгерлерімнің, ұжымның еңбегі деп санайды ол.

– Бұл күні барлық әріптестеріме мінсіз қызмет тілеймін. Біздің әрқайсымыз осы мамандықты таңдай отырып, ел үшін ерен еңбек екеніне күмәнданбадық, – дейді полиция полковнигі.

– Конституция күнін мерекелеу қарсаңында барлығы 118 қостанайлық полицей марапатталды, оның ішінде 23 қызметкер Ішкі істер министрінің құқықтарымен марапатталды, — деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Бүгіннен бастап полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген режиміне кірісіп, облыс аумағында мереке күндері құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру