Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер балаларға мектеп құралдары мен киімдерін алып берді

«Мектепке жол» акциясы аясында Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының және патрульдік полиция ротасының қызметкерлері материалдық қолдауға мұқтаж көп балалы отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің хабарлауынша, бұл тек бірінші кезең, алда көп балалы отбасыларды қамту жоспарланған.

Қаражат ЖПҚБ қызметкерлері мен патрульдік полиция ротасының атсалысуымен жиналды. Бүгін олар Богачевтер отбасына көмек көрсетілді, отбасыдағы балалар әжесінің қақморында. Бұл отбасында бірден үш оқушы бар. Ең үлкені Артем 14 жаста, Маргарита 11 және кішісі Юра сегіз жаста. Патрульдік полиция ротасының аға инспекторы Берік Әбілдинов пен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы Айсұлу Мирамғалиева балаларды қажетті заттарды сатып алу үшін орталық базарға апарды. Мектеп базарына келген балалар әжесімен және полиция қызметкерлерімен бірге мектепке жаңа киімдерді таңдай бастады. Біреулері мектеп формасын, спорттық костюмдерді қарап, күнделіктер мен дәптерлерді таңдады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары балаларға басқа да керек-жарақтарды сыйға тартты.

– Қостанай облысы ПД басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мен зейнеткермін, оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмас едім. Үлкен рахмет! – дейді балалардың қамқоршысы Анна Богачева.

Қажетті құралдарды сатып алған соң балалардың қуанғанын көздерінен-ақ байқауға болар еді, енді олар жаңа заттарды кию үшін мектепке асығады. Ал сегіз жасар Юра полицейлерге алғысын білдіріп, өз арманымен бөлісті.

– Болашақта полиция қызметкері болғым келеді, олардың арнайы киімін кигім келеді, полиция қызметкерлері сияқты адамдарға көмектесуді армандаймын, – дейді Юра.

Соңында тәртіп сақшылары балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жақсы баға, білімге деген ұмтылыс тіледі, ал олар өз кезегінде жақсы оқуға уәде берді.

– Бұл акция жыл сайын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Аталған акция осы айдың соңына дейін жалғасады, – деп атап өтті ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы Айсұлу Мирамғалиева.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көп балалы отбасылардан шыққан сегіз балаға кеңсе тауарларын, мектеп формасын, спорттық костюмдер, маусымдық аяқ киім және сыртқы киім сатып алу түрінде атаулы көмек көрсеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру