Шымкенттік жігіт ұрланған велосипедті ғаламторда сатпақ болды: полицейлер қылмыстың жолын кесті
Шымкентте тұрғын велосипедті ұрлап, ғаламтор арқылы сатпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қ. ПД Әл-Фараби АПБ-на қала тұрғыны үйдің кіреберісіндегі баспалдақ алаңында қалдырған 70 мың теңге тұратын велосипедінің жоғалғаны туралы хабарлады.
Аталған хабар бойынша № 23 пунктінің учаскелік полиция инспекторы Д.Бекболатұлы күдіктіні ізін суытпай анықтады. Шамамен 20 жастағы жігіт велосипедті ғаламтор желісіндегі қосымшаға сатылымға шығарып үлгерген. Ол полицияға жеткізілді. Велосипед иесіне қайтарылды.
Жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.