Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады

Түркістан облысында полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу, соның ішінде мас күйінде көлік басқаруды анықтау, Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Алайда көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жаза мен жауапкершілікті қатаңдатқанына қарамастан, кейбір азаматтар әлі де ішімдік ішіп, рульге отырады.

Мысалы, Созақ ауданында полицейлер жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару кезінде «Ауди-100» маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Жиналған материалдарды тәртіп сақшылары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жіберді.

Осы баптың санкциясына сәйкес, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Созақ АПБ ЖПҚ қызметкерлері ЖҚЕ бұзушыларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тұрақты негізде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізіп отырады. Мысалы, соңғы жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданының полицейлері 280 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру