Ақтөбе облысында оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шарада полицияның кешенді күштерінің жұмысы күшейтілді
Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының мектептерінде салтанатты қоңырау шарасын өткізу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстың 402 жалпы білім беру мекемесінде оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Алғашқы қоңырауды тиісті түрде өткізу мақсатында оқу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды, сондай-ақ полицияның кешенді күштерінің жұмыс күшейтілді.
Іс-шара өткізу орындарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жұмылдырылды. Оқушылармен, ата-аналармен полиция қызметкерлерімен түрлі профилактикалық іс-шаралар, әңгімелер өткізілді.
Кешкі уақытта жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізу және көшелерді патрульдеу жоспарлануда.