Жөндеуде тұрған жүк көлігінен жанармай ұрланды
Шымкентте белгісіз ер адам жөндеуде тұрған жүк көліктен жанармай мен аккумуляторлық батареяны ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласындағы жөндеу нысанында жүк көлігінен 150 литр жанармай мен екі дана аккумуляторлық батарея ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды.
Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде іс бойынша күдікті 27 жастағы ер адам анықталып, жеткізілді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.