Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі өзінің іс-қимылымен жол ережесін өрескел бұзғанын көрсетті

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі балаларды алдыңғы жолаушылар орындығына отырғызып, қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жақында әлеуметтік желіде, ер адам ұялы телефонды пайдаланып, кәмелетке толмаған екі баланы алдыңғы орындықта отырғызып жатқандағы фотосуреттері жарияланған болатын. Оқиға Шаляпин көшесінің бойында шығыс бағытта болған. Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол 1995 жылы туған Р. азамат болып шықты. 7.2. және 2.4.9.ҚР ЖЖЕ ережелерін бұзғаны үшін, жол талғамайтын көлік жүргізушісі ҚР ӘҚбК-нің 591-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, болашақта қаланың жолдарында осындай заң бұзушылықтардың алдын алу туралы алдын-ала әңгіме жүргізілді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Бұзушылыққа сілтеме:
https://www.facebook.com/groups/796473617066588/permalink/3160240907356502/

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру