Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жедел уәкілдер 260 мың теңге ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Қарағандылық жедел уәкілдер 260 мың теңге ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Киров полиция бөліміне 36 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреу оның жекеменшік үйіне кіріп, қол сөмкесінде тұрған әмиянынан 260 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері оқиға орынан бірнеше саусақ іздерін алды. Алынған саусақт іздеріне тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында оның ішкі істер органынының есебінде тұрған 43 жастағы азаматқа тиесілі екені белгілі болды.

Күдікті Қарағанды облысының тұрғыны болғанымен тұрақты мекенжайы болмағандықтан оны тез арада табу мүмкіндік болмаған. Осыған қарамастан жедел іздестіру іс-шаралары барысында 6 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру