Мақсат – қылмысты дер кезінде ашу
Аққулы ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы Дәурен Амреновтің айтуынша, жұмыстың басты міндеті – қылмыстардың деректерін жүйелеу, қылмыс жасаған адамдардың әрекетін жете түсіну, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әр кәсіптің, барлық саланың өз жауапкершілігі мен артар жүгі болатыны ақиқат. Сондай саланың бірі – кадрлық-анықтау қызметі. Бұл ретте анықтаушының жұмысы жеделдікті және ұқыптылықты талап етеді. Осы салада қызмет етіп жүрген Аққулы ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы Дәурен Амреновтің айтуынша, жұмыстың басты міндеті – қылмыстардың деректерін жүйелеу, қылмыс жасаған адамдардың әрекетін жете түсіну. Ол бұл салада 2018 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Бала кезінен полицей болуды армандаған болашақ маман мектеп бітіргеннен кейін ойланбастан өз арманына құлаш сермейді.
– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1991 жылғы 6 қыркүйектегі бұйрығымен ішкі істер органдарында дербес кадрлық-анықтау қызметі құрылды. Анықтау жеделдетілген және жеңілдетілген тергеу түрі ретінде кең таралды. 18 жыл ішінде бұл бөлім жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қойылған міндеттерді ойдағыдай атқара білді. Сонымен қатар, қылмыспен күресу және заңдылықты нығайту бойынша қыруар жұмыс бітірді. Қазіргі уақытта анықтау жетекші қызметтердің бірі және елдің ішкі істер органдары жүйесінде лайықты орын алады, – дейді өз әңгімесінде Даурен.
Дәуреннің әріптестері, оның талапты, ұқыпты және өз еңбегіне берілген жан ретінде таниды. Біз де жауапты міндетті атқарып жүрген маман иесіне жұмысының жемісін көріп, биіктерден көрінуіне тілекшіміз.