Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді алдап кетті
Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйекте 65 жастағы зейнеткердің ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, банк қызметкері болып танысқан. Кейін зейнеткерге белгісіз біреулердің оның шотынан ақша алады деген сылтаумен сенімге кіріп, депозиттік шотта болған 1 мың 400 АҚШ долларынан астам ақшаны алдап алған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Бұл алаяқ белгісіз нөмірден қоңырау шалып, банктің қызметкері болып көрінген алғашқы жағдай емес, ол клиентке жеке есеп шотының құпия сөзін ашып, ақша аударымын жасауға болатын операциялардың барлығын түзету үшін мәліметтерді нақтылауды сұрайды. Телефон алаяқтары осылайша картаның құпия кодын біліп алып, ақшаны өз шоттарына аударады.
Осыған байланысты Полиция департаменті қарт туыстары, көршілері, таныстары бар азаматтардан оларға алаяқтықтың қандай тәсілдері бар екенін, алаяқтық сипаттағы қоңыраулар мен хабарламаларды алу кезінде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіруді, атап айтқанда, алаяқтармен диалог жүргізбеуді сұрайды.
Сақ болыңыз! Алаяқтардың арбауына түспеңіз!