Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншіні көлік жүргізушісі қағып кетті

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік жүргізушісі қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйек күні “Hyundai Accentавтокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Гришин көшесімен жүріп келе жатып, ҚР жол-қозғалыс ережесін бұзып, қозғалыс үшін кедергі немесе қауіп туындаған сәтте кедергіні қауіпсіз айналып өту кезінде жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған және жолдың жүру бөлігін жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде өтіп келе жатқан  кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласының медициналық орталыққа жеткізілді. Көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Тағы бір жағдай, сағат 10.25-те “Toyota Land Cruiserавтокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Абулхайыр хан даңғылы 82 көшесіндегі көлік тұрағында отырып, маневрді орындау кезінде қауіпсіз болатынына және қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтініне көз жеткізбеді, артқа қозғалар сәтте 79 жастағы зейнеткерді қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік құралын басқарған кезде жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, жолдағы кез-келген күтпеген жағдай қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру