Базарда ақтөбеліктің қалтасынан ұялы телефон ұрлап кетті
7 қыркүйек күні Орталық базардың аялдамасында ұялы телефон ұрлығы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті азаматтарды қалта ұрыларының құрбаны болмас үшін автобустар мен адамдар көп жиналатын жерлерде мұқият және абай болуға шақырады.
44 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны 32 жастағы ақтөбелік азаматтың қалтасынан «Samsung» маркалы смартфонын жасырын түрде ұрлап кеткен. Шығын 81 мың теңгеден асты. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді, ұрланған зат тәркіленді. Күдікті өз әрекетін мойындады.