Жамбыл облысында алтын бұйымдардың ірі ұрлығы ашылды
Жамбыл облысында ірі көлемде алтын бұйымдарды ұрлау дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының 71 жастағы тұрғыны полицияға жалпы құны 845 мың теңге болатын алтын әшекейлерінің ұрланғаны туралы шағымданған. Осыған қатысты полиция қызметкерлері Түркістан облысының 38 жастағы тұрғын азаматын анықтаған, ол үй иелері болмаған кезде, күндізгі уақытта, ұрлық жасағанын мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды.
Айғақты зат ретінде ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері ер адамның басқа да ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтауда.