Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саудағалиевтар – полиция қызметкерлерінің отбасы

Қазақстандағы «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлерінің жанұясы жайында Polisia.kz редакциясы сөз қозғамақпыз.

Ербол Саудағалиевтер сол кезде дене шынықтыру факультетінің ең белсенді студенті болды, ал Нұрсая оның жалпы құқық сабағынан дәріс оқитын оқытушысы болды.

Нұрсая Қуанышбекқызы, сіз тұрмысқа шықтыңызба, қанша балаңыз бар? – деп ол бүкіл аудиторияға айқайлады.

– Тек оқу процесіне қатысты сұрақтар қойыңыз, – деді қатаң оқытушы.

Бірнеше жыл өткеннін кейін Ербол институтты бітіріп, кездейсоқ Нұрсая Қуанышбекқызымен қалалық автобуста кездестіріп қалады.

Нұрсая Қуанышбекқызы, сіз тұрмысқа шықтыңыз ба?

Жоқ.

– Телефон нөміріңізді айтыңызшы, мен сізге хабарласамын.

Нұрсая өзінің нөмірін айтып еді, бірақ оны жазып алатын қағазы болмағасын, Ербол нөмерді есіне сақтап алды.

Осылайша, Саудағалиевтер полиция отбасының тарихы романтикалық түрде басталды.

Содан бері Ербол мен Нұрсая 16 жыл бірге тұрып, қыз тәрбиелеп жатыр.

Ерлі-зайыптылар қызығымен қиындығы қатар келетін полиция қызметінде еңбек етеді, Нұрсая Ақтөбе қаласы ІІБ №4 қалалық полиция бөлімі бастығының Кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, ал Ербол патрульдік полиция батальонының инспекторы.

Біздің отбасылық өміріміздің басында Ербол өзі маған ішкі істер органында қызмет етуді ұсынды, – деп күлімдеп Нұрсая еске алады, – Мен келістім, содан бері біз белсенді өмір ырғағында жүрміз, бірге дабыл бойынша көтерілеміз, қызмет пен отбасы ажырамастай болып кетті. Екеуіміздің қызмет жолымыз бір болғасын, барынша бір-бірімізге қолдау көрсетуге тырысамыз. Барлық қазақстандық отбасыларға денсаулық, амандық және өзара түсіністік тілейміз, – дейді Нұрсая.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру