Мас шымкенттік полицейдің заңды талабына бағынбай, қашып кетпек болды
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері билік өкілін қорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға полиция қызметкерлері шақырту бойынша барған мекенжайда орын алған. Мас халдегі азамат тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық білдіріп, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ полицейлерді қорлап, ар-намыстарына тиетін сөздер айтқан.
Осы факті ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, аталған азамат полицияға жеткізілді.
Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.