Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз қаласындағы үйлердің бірінде ұры үйге ашық терезе арқылы кіріп сөмкені ұрлап кеткен

Тараз қаласындағы үйлердің бірінде ұры үйге ашық терезе арқылы кіріп, ақша мен жеке құжаттары бар сөмкені ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда өзекті тақырыптардың бірі азаматтардың пәтерлеріне қатысты ұрлық деректері болып табылады, онда ақшалай қаражат, алтын бұйымдар мен тұрмыстық техника қылмыстық қол сұғушылықтың нысаны болып отыр. Талдау нәтижелері көрсеткендей, барлық жасалған пәтер ұрлықтары техникалық тұрғыда нығайтылмаған пәтерлерде жасалған.

Бұған 29 тамызда жасалған пәтер ұрлығы мысал бола алады.

Тараз қаласындағы жеке үйлердің бірінің 53 жастағы тұрғыны қылмыскердің үйге ашық терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесінен ақша қаражаты, жеке құжаттары мен түрлі дәрі-дәрмектері бар былғары сөмкесін жасырын түрде ұрлап кеткені туралы шағымданған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды, ол қылмыс жасаған кезде бұрын жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша пробациялық бақылауда болған.

Ұсталған азамат Тараз қалалық ПБ УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру