Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасы назардан тыс қалған жоқ

Отбасы күні мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің жанұясына барып, отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Антына берік, ел үшін еңбек еткен батырлардың қайсар болмысы үнемі ел жадында. Шымкент қаласы Полиция департаменті қызмет бабында ажал құшқан полицейлердің отбасына қолдау көрсету әрі қамқорлық танытуды дәстүрге айналдырған. Тәртіп сақшылары батылдығы көпке үлгі әріптестерінің ерлігін еске алып, марқұмдардың жанұясына сый-сыйапатын ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру