Шымкентте заңсыз сауда және жарнамаларға рейд ұйымдастырылды
Шымкентте ретсіз саудамен күрес жұмыстары тұрақты жалғасып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы аумағында орналасқан заңсыз сауда және жарнамаларға кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары мен аудан әкімшілігінің өкілдері рейд барысында заңсыз жарнама иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның нәтижесінде заңсыз орналасқан 29 жарнама алынды. Сонымен қатар, заңсыз сауда иелеріне ескертулер берілді. Алдағы уақытта қайталанған жағдайда әкімшілік шара қолданылмақ.