Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібас ауданында полиция қызметкерлері өткен жылы жасалған ұрлықты ашты

Түлкібас ауданында полиция қызметкерлері өткен жылы жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне өткен жылдың қараша айында жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлға оның үйіне заңсыз кіріп, кілемдері, тұрмыстық техникасы және басқа да бағалы заттарын ұрлап кеткенін жеткізген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мыңнан астам теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың тамыз айында күдікті ретінде үй ұрысы Шымкент қаласынан ұсталды. Осы уақыт аралығында ол тонау қылмысын жасап үлгерген. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат ұрлық жасағанын толық мойындады. Айғақты зат ретінде полицейлер одан ұрланған мүліктің бір бөлігін тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ер адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер сіз біреудің мүлкін тонаудың немесе ұрлаудың құрбаны, куәгері болсаңыз тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру