Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас полицейлер психологиялық тренингтен өтіп жатыр

Петропавл қаласының Полиция басқармасында болашақ тергеушілер, анықтаушылар мен сыртқы қызметтердің қызметкерлері команда құрудағы жаттығуларға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні қалалық полиция басқармасында 70 жас қызметкер қызмет етеді. Семинар шеңберінде жас қызметкерлер алдында облыстық және қалалық полиция ведомствосының бірден төрт тәжірибелі инспектор-психологі сөз сөйледі.

Санитарлық нормаларды сақтай отырып, он шақты жаттығу өткізілді. Олардың мәні: команданы сапқа тұрғызу, хабарлай, таныса отыра міндеттерді тиімді орындау дағдыларын дамыту. Қатысушылар психологиялық тренингтің маңыздылығы мен уақтылы өткізілуін атап өтіп, тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындады. Іс-шараның екінші бөлігінде болашақ офицерлерге сыбайлас жемқорлық тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, 10 қыркүйек ҚР Ішкі істер министрлігі «Моральдық рух – табыс көзі» онкүндігін өткізу туралы жариялады. Қазір еліміз бойынша полицейлер психологиялық семинарлардан өтіп жатыр. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын бөліністердің жас қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Психологтар мінез-құлық әдістерін, сондай-ақ эстремалды және дағдарыс жағдайы кезінде ішкі резервтерін шығаруға үйретеді. Сонымен қатар, психологтар жас қызметкерлерге коммуникативтік қасиеттерін және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Онкүндік басталғаннан бері семинарға 400-ден астам солтүстікқазақстандық полицей қатысты.

Қосымша қызметкерлер арасында «Менің өмірлік құндылықтарым» атты әлеуметтік сауалнама жүргізілуде, сауалнамадан 528 офицер мен сержант өтті.

СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспектор-психологі Айгүл Шоланова айтып кеткендей, материалды сапалы әрі түсінікті етіп жеткізу үшін психологтарға жауапкершілік, жоғары кәсібилік пен зор ізденіс қажет. Жыл бойы пандемияға қатысты шектеу шараларына байланысты инспектор-психологтар жеке құраммен онлайн-режимде жұмыс істейді. Дағдарыс кезіндегі қызметтердің жұмысына талдау жасалды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысына халықтың сенімі тақырыбы да зерделенді. Онлайн-тестілеуден және сауалнамадан облыстық полицияның екі мыңға жуық қызметкері өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру