Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғынының алғысына бөленген полицей

Қызылорда облысында престелген жоңышқаны ұрлаған күдіктілерді ұстаған учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нартай Ешпановтың білімі мен біліктілігінің арқасында келтірілген материалдық шығыны орнына келген азамат Мұхтар Нұрсұлтанның ризашылығы шексіз.

12 қыркүйек күні кезекші бөлімге Ақсу ауылының тұрғыны Мұхтар Нұрсұлтан қоңырау шалып, оның “Мақсат” шаруа қожалығындағы егістік алқабынан 70 дана престелген жоңышқа шөбін белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Аудандық полиция бөлімінен учаскелік полиция инспекторы келіп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Қылмыс ашылып, ұрылар құрықталды.

Атап өту керек, полицияның міндеті – қылмысты ашу және қылмыскерлерді құрықтау. Бұл басты міндетті Жалағаш ауданының полицейлері жоғары деңгейде орындап келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру