Қараусыз қалған көлікті қостанайлық айдап кеткен
Қостанайлық полицейлер автокөлік ұрлығын 20 минутта ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Федоров және Қарабалық аудандарының полицейлері жарты сағат ішінде «Волга» автокөлігін ұрлап кеткен күдіктіні ұстап, көлікті иесіне қайтарды.
19 қыркүйекте «102» пультіне Қарабалық кентінде «ГАЗ-3110» автокөлігі ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қарабалық кентінің 58 жастағы тұрғыны құрылыс дүкеніне кіріп, көлікті кілтімен есік алдында қалдырған. Ол он минуттан соң дүкеннен шықса, көліктің орнында жоқ екенін байқайды. Ол бірден полицияға жүгінді.
Полиция бөлімінің кезекші майоры Орынбасар Алжанов дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын жіберді. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы белгісіз екі адамның көлікке отырғанын және белгісіз бағытта кетіп қалғанын анықтаған.
Кезекші бірден облыстық полиция нарядтарын хабардар етеді.
Бұдан соң Федоров ауданының полиция бөлімінің патрульдік полицейлері лейтенанттар Иван Галимуев пен Ермек Өтемісов 20 минуттан кейін тас жолда ұрланған көліктің Қостанай жаққа кетіп бара жатқанын көрді. Тәртіп сақшылары көлікті дереу тоқтатты. Көлік ішінде екі ер адам болған. Ұсталғандар бұрын сотталған Қарабалық кентінің тұрғындары болып шықты.
Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда отқа дейінгі тергеу басталды.
Қарабалық және Федоров аудандарының бөлім бастықтарына көлік иесі Дәурен Әлмағамбетовтен алғыс хат келіп түсті.
– Қызметкерлер менің арызыма өтінішіме жедел үн қатып, 30 минут ішінде күдіктілерді ұстады. Полицейлерге көп рахмет!, – деп атап өтті ауыл тұрғыны.