13 мас жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды
Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күнінде мас күйінде көлік құралын басқарған 13 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында жол қозғалысындағы «өрескел» құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шарасының екі күн ішінде жол қозғалысы саласында 1 027 бұзушылық анықталды. Оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін 244 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың – 13, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың – 11, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 52 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 149 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, авариялық жағдай жасаудың 10 фактісі анықталды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР жол қозғалыс ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.