Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші мотоциклды мас күйінде жүргізген

Павлодар облысында “Урал” мотоциклін басқарған мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шара барысында Ертіс ауданының полиция қызметкерлері Қызылжар ауылының басты көшелерінің бірінде мас күйінде “Урал” мотоциклін басқарған 41 жастағы жүргізушіні ұстады.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бап 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мас күйінде және құқық белгілейтін құжатсыз жүргені үшін ер адамға 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу қаупі төнеді.

Сондай-ақ, Ертіс ауданының полицейлері автомобиль жолдарын кешенді тексеру бойынша жұмыс жүргізді, олардың нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою бойынша нұсқама жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ертіс ауданында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, оның аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Жүргізілген жұмыстардың мақсаты – жолдардағы апаттылықты төмендету, жүргізуші тәртібін арттыру.

– Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, қырағылық жолдардағы апаттық жағдайлардың қаупін азайтады және қауіпсіздік кепілі болып табылады. Тәртіп бұзушыларға қатысты қолданылатын әкімшілік ықпал ету шаралары жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке келтіруге көмектеседі, бұл жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға ықпал етеді, – деп атап өтті Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Даулет Молдабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру