Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Абайлаңыз, пойыз!” акциясы өтуде

Алматыда темір жол бойындағы әртүрлі бақытсыз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтардың алдын алатын шаралардың бірі – “Абайлаңыз, пойыз!” акциясы, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр маусымда темір жол бекеттерінде қалалық және халықаралық жол қатынастары көбейіп, кейде оқыс оқиғалар да кездесіп қалады.

Қаланың қақ ортасында болғандықтан жолаушылар тасқыны бір толастамайтын темір жол станциясы – Алматы-2 станциясы. Жуырда алып
қала Алматыны қақ жарып өтетін темір жолдың бойындағы қауіпсіздікке жауапты Алматы-2 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің
қызметкерлері де жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді.

– Темір жол бойындағы тәртіп пен қауіпсіздікті бақылау – біздің басты міндетіміз. Темір жол адам өміріне ең қауіпті нысандардың бірі болғандықтан біз үнемі жолаушылар мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Әсіресе балалар темір жол бойында немесе рельстердің үстінде ойнауға құмар болады. Сондықтан теміржолға жақын тұратын тұрғын үйлер мен оқу орындарын аралап, қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелер өткіземіз. “Абайлаңыз, пойыз!” акциясы аясында да желілік полиция бөлімінің кезекші инспекторы Бекзат Еңсебай мен патрульдік полиция тобының қызметкері Самат Ермекбаев жолаушыларға пойыз келер алдында жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, пойыз тоқтайтын сәтте вагондарға
жақындамауды, балаларға абай болуды және белгіленбеген орындар арқылы темір жолдан өтуге болмайтындығын ескертіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның (Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу) 559-бапта көзделген жауапкершіліктерді түсіндірді, – дейді Алматы-2 станциясындағы ЖПБ бастығы Айдын Аитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру