Қызылорда облысының ПД бастығының орынбасары курсанттармен семинар өткізді
Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары курсанттармен семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қыркүйек күні Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының курсанттарымен семинар кеңесте кездесіп, онда Қазақстан Республикасы Президентінің 1-қыркүйектегі Жолдауында алға қойған міндеттерді түсіндірді.
Полиция полковнигі Б.Байгелді бұл кеңесте Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүргізіліп жатқан «Қылмыстық істер бойынша негізгі шешімдерді прокурормен келісу» жөніндегі жаңа пилоттық жобаның жүргізілу барысы талқыланып, жаңа қабылданған үшреттік жүйенің, яғни полиция, прокуратура және сот органдарының қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысындағы функциялары нақты айқындалып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қамтамасыз етілетіндігі атап көрсетілді.