Мал ұрлады деген күдікпен 3 ер адам ұсталды
Қызылордалық полицейлер мал ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйек күні полицияға Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Тоқабай ауылының екі тұрғыны жайылымнан сиырларының ұрланғандығы жөнінде арыз берді. Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктілерді анықтады.
Күдіктілер 42, 40 және 37 жастағы ауыл тұрғындары болып шықты.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынды.