Бірінші болып учаскелік инспектор көмекке келеді
Қостанай облысының Полиция департаментіне облыс тұрғындарынан жоғалған малды іздеуге және ұрлықты ашуға көмектескені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар келіп түсуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауылда бірінші болып көмекке учаскелік полиция инспекторлары келеді.
Олардың бірі Федоров ауданының тұрғыны Сергей Головкодан түсті. Хатта ауыл тұрғыны учаскелік полицей Марат Қазанғаповқа тәулік бойы бұзауларды тауып, қайтарғаны үшін алғыс білдірген. Бұл биылғы жылы ауыл тұрғындарының малын қайтаруға көмектескен екінші жағдай.
19 қыркүйекте Федоров ауданының полиция бөліміне Большое ауылының тұрғыны Марат Қазанғапов бұзаулардың жоғалғаны туралы хабарлады. Ер адам үш бұзаудың еркін жайылымнан жоғалып кеткенін айтты.
Учаскелік инспектор жақын маңдағы ауылдарды іздестіруді бастады. Полиция қызметкері жоғалған бұзауларды көрші Қарабалық ауданында тапты. М.Қазанғапов ішкі істер органдарында 20 жылдан астам қызмет етеді, өз учаскесінде әрқайсысын жеке таниды. Учаскелік полиция қызметкері қылмыстарды «ізін суытпай» ашқаны үшін бірнеше рет марапатталды.