Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол-көлік оқиғасынан зейнеткер зардап шекті

Петропавлда жолды велосипедпен кесіп өтіп бара жатқан 72 жастағы зейнеткерді көлік соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егде жастағы қала тұрғыны жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Видеодан жүргізушілердің бірі жаяу жүргіншіні өткізгенін, екінші жүргізуші тоқтауға үлгермегенін көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл көшесінде орын алған. Жедел жәрдем жәбірленушіні түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Медициналық куәландыру «Volkswagen Passat» көлігінің 29 жастағы жүргізушісінің сау болғанын көрсетті.

– Жыл басынан жолдарда жаяу жүргіншілер тарапынан төрт мыңдай құқық бұзушылық анықталды. Жолдағы қайғылы оқиғалар көп жағдайда жол қозғалысы ережелерін бұзуынан, оның ішінде жолды белгіленбеген кесіп өтетін жаяу жүргіншілер себепші болып жатады, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаяу жүргіншілер жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен кесіп өтеді, көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады. Жолдың жүру бөлігін елді мекенде бөлу жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргінші өткелдерінен тыс кесіп өтуге рұқсат етілмейді. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығады. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмейді және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпайды.СҚО-да жыл басынан жаяу жүргіншілердің кінәсінан 10 астам жол-көлік оқиғасы орын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру