Жылқы жол-көлік оқиғасының себепкері болды
Қарағанды облысында жылқы жол-көлік оқиғасының себепкері болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қыркүйек сағат шамамен 12.00-де Қарағанды облысының Сәтбаев қаласынан Жезқазған қаласына бара жатқан автомашинаның 74 жастағы жүргізушісі белгіленбеген орында жолды өтіп бара жатқан екі жылқыға соғылған. Нәтижесінде қария рөлді басқара алмай, жолдын қарсы қозғалыс бөлігінде келе жатқан 49 жастағы жүргізуші басқарған маршруттық автобусқа соғылған.
Жол-көлік оқиғасының қорытындысында жеңіл көліктін жүргізушісі әртүрлі жарақат алып, медициналық көмекке Жезқазған қаласының ауруханасына жүгінді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүргізілуде.