Алаяқ әйел қарт ананы алдап, сөмкесін алып кетті
Теміртаулық полицейлер 81 жастағы қала тұрғынына қатысты ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық Қарттар күніне орай Теміртау қаласының Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 81 жастағы Раиса Степановаға сыйлық жасады.
29 қыркүйекте зейнеткер дүкендердің бірінде заттар сатып алып, заттарын сөмкесіне салыпты. Сөмкеде, зейнетақыдан қалған кішкене жинаған ақшасы, бес мың теңгесі болған. Кенеттен қарияға әйел жақындап, көмектескісі келіп, үйіне дейін шығарып салғысы келіпті. Әже құйтыр-қылықты сезінбестен, көмекшісіне сөмкесін бере салды. Біраз уақыттан соң көмекшісі жоғалып кеткенін түсінді. Шығын 9 700 теңгені құрады. Ол – қария үшін қомақты сома.
Полиция қызметкерлері үлкен кісінің берген сипаттамасына сәйкес, қарияның сенімін теріс пайдаланған зұлым-әйелді ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Кінәсін мойындап, сөмкені заттарымен қайтарып берді.
Зейнеткер, дер кезінде туындаған мәселені шешкен құқық қорғаушыларға алғысын білдірді. Ал, полицейлер Раиса Михайловнаны келе жатқан халықаралық Қарттар күнімен құттықтады.
– Қылмыскерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин.