Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік құралын басқару деректері анықталды

Шиелі ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен аудан көлемінде қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының 12-16 күндері және 22-24 күндері аралығында “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде масаң күйде көлік құралын басқару деректері анықталды. Жалпы жыл басынан бері көлік құралын масаң күйде басқарудың 59 дерегі анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес хаттамалар рәсімделген. Сот шешімімен 45 азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге, үш азамат 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айырылды. Жеті  тұрғын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, екі адам жастары 63-тен асуына байланысты 388 920 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үш азаматқа қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйінде қайта көлік құралын алкогольді масаң күйде қайта басқарғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру