Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қорадан шыққан өртті полицейлер дер кезінде сөндірді

Қарағанды облысында полицейлер ауылдықтарды оттан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қыркүйек сағат шамамен 04.00-де Қарағанды облысының ПД патрульдік полициясы батальонының автопатрулі, құрамында полиция қызметкерлері Куаныш Шокенов, Азамат Кабдрахманов және Жаркын Мунтархинов «Алматы – Екатеринбург» тас жолында қызмет өткерді. Олар Ақсу-Аюлы ауылына қарай бет алғанда, жолдан 300 метрдей жерде қараңғы түнде жарқыраған от шапағы көрінді. Ол жерде Жұмабек ауылы орналасқан.

Полицейлер тұрғын жерге келгенде жеке үйдін ауласында орналасқан мал қорасы жанып жатканын көрді. Жанып жатқан мал қорадан тұрғын үйдін ортасында бірнеше метр ғана. Айналада полицейлерден басқа ешкім жоқ. Туындаған қауіп туралы ой үй иелеріне, көршілеріне де түсіне кірмес. Патрульдіктердің қимылдары өте жылдам болды.

– Мен, полиция аға лейтенанты Азамат Кабдрахмановпен бірге, лапылдап жанып жатқан мал қорасына жүгірдік, есікті бұзып кіріп, ішінде үй малын шығардық, түтіннен ештеңе көрінбеді: 15 бас қой, 4-5 бас сиыр болды. Ал, аға лейтенант Жаркын Мунтархинов еш уайымсыз ұйқыда жатқан үй иелерін оятты, – деп бөлісті Куаныш Шокенов.

Полицейлер өрт сөндірушілерді шақырды және олардың келгенін ауыл тұрғындарымен бірге жалынның тұрғын үйге жетуіне жол бермеуге тырысты. Өртке қарсы қызмет келген соң, өздерінің қызметтерін өткеруге кірісті. Сонымен, олардың қырағылығы және жеделдігінің арқасында үлкен апаттан аман қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру