Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметік желі қолданушысы полицейлерге рахмет айтты

Шымкентте әлеуметік желі қолданушысы полицейлерге рахмет айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторларының нәтижелі жұмысына үй тұрғындары алғыстарын жеткізді.

– №38 Учаскелік полиция бекетінінің учаскелік инспекторларына алғысымды айтқым келеді. Олар полиция майоры Біржан Тоқсейітов және Нұрлан Нарымбетов. Мен “Көктем” құрылыс базары Жібек жолы №30 үйдің тұрғынымын. Сауда орталығына келген жолаушылар көліктерін ретсіз қойып кететіндіктен өз үйіміздің ауласына кіруіміз қиын болатын. Қазір тәртіп сақшылары қызметтік көлікпен аумақты бақылауға алып, үнемі қадағалауда. Жүйелі жұмыстарының нәтижесінде үйіміздің ауласына еркін кіріп шығатын болдық. Полицейлердің жұмысына алғыс айтамын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру