ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерлерін мерекемен құттықтады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері сала ардагерлерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі саласы ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды мерекемен құттықтады және азық-түлік себеттерін тарту етті.
Отставкадағы әділет майоры Теңізбай Смайловқа мерейлі мерекемен құттықтай келген полиция қызметкерлері аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты. Теңізбай ақсақалдың бір баласы әкесінің жолын қуып, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етіп, «әділет подполковнигі» шенінде құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Сондай-ақ ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері Иса Демесинов атамызды да құттықтап, жылы лебізін білдірді.
ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары Ж.Есмаханов әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізіп, қызметтеріне алғыс білдірді.