Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерлерін мерекемен құттықтады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері сала ардагерлерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі саласы ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды мерекемен құттықтады және азық-түлік себеттерін тарту етті.

Отставкадағы әділет майоры Теңізбай Смайловқа мерейлі мерекемен құттықтай келген полиция қызметкерлері аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты. Теңізбай ақсақалдың бір баласы әкесінің жолын қуып, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етіп, “әділет подполковнигі” шенінде құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан.

Сондай-ақ ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері Иса Демесинов атамызды да құттықтап, жылы лебізін білдірді.

ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары Ж.Есмаханов әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізіп, қызметтеріне алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру