Абай даңғылының бойымен қарама-қарсы жолақпен жүріп өткен «BMW» жүргізушісі жазаланды
Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде «BMW» көлігі жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жауап беру шаралары дереу орындалды.
– 1989 жылы туған Т.есімді азамат, Абай даңғылымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған қозғалыс бөлігінің шетіне бұрылыс жасап, оның бойымен бірнеше метр жүріп өтті. «Сергек» камераларының көмегімен патрульдік полиция Полкінің қызметкерлері жүргізушінің бағытын қадағалап, оны анықтады. Ол Талдықорған қаласына кетуге асықты. Алайда, бұл құқықбұзушыға жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспеді. Ол ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. СМАС шешімімен жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Шаһар полицейлері тағы бір рет жол учаскелерінде жол ережелерін қатаң сақтауды және жазаның бұлтартпас қағидасын еске салады.